2020 жылғы 16 қыркүйекте тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат
Елімізде коронавирус белгілері бар пневмонияның кеше сегіз дерегі тіркелсе, бүгін жағдай айтарлықтай күрделенді. Бір тәулікте 408 адам өкпе қабынуын жұқтырған. Өкінішке қарай 1 науқас көз жұмды. Ал коронавирустан жазылып шыққандар саны 101 мыңнан асты. Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 28 мыңға жуық адам дерттен құлан таза айыққан. Шымкентте бұл көрсеткіш - 4 мың 498-ге жетті. Десе де, босаңсуға әлі ерте. Жалпы пандемия басталғалы елде 106 мың 984 адам инфекция жұқтырып, 1 мың 680 отандасымыз індеттің құрбаны болды, деп хабарлайды Almaty.tv.