Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 202 жағдайы тіркелді

19.11.2020 15:13

2020 жылғы 19 қарашада тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат

Фото: ашық дереккөзден

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 202 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ресми дереккөзге сілтеме жасап.

 Оған қоса 95 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 40690, 423 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 29814 жетті.