Шығыс Қазақстан облысындағы бірнеше ауылда сабақ тоқтатылды

19.11.2020 15:31

Риддерде ауаның температурасы 26 градус аязды көрсетіп, желдің жылдамдығы секундына 5 метрге жеткен

Фото: ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысындағы бірнеше ауылда сабақ тоқтатылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Риддерде ауаның температурасы 26 градус аязды көрсетіп, желдің жылдамдығы секундына 5 метрге жеткен. Бутаково, Поперечный ауылдарында 1-9 сынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылды. 

Бородулиха ауданында 28-30 градус аяз тіркелді, 2 Пятилетка, Песчанка, Жерновка, Букутово ауылдарындағы бірінші ауысымның 1-4 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды.