Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 80 мыңнан асты

Almaty.tv
Almaty.tv
Ауырғандардың көптігімен Нұр-Сұлтан қаласы көш бастап тұр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда өткен тәулікте 1740 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Оның ішінде клиникалық белгілері жоқ 816 тасымалдаушы тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ресми дереккөзге сілтеме жасап.

Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз):

Нұр-Сұлтан қаласы - 251 / 102

Алматы қаласы - 220 / 118

Шымкент қаласы - 39 / 17

Ақмола облысы - 51 / 27

Ақтөбе облысы - 36 / 13

Алматы облысы - 53 / 44

Атырау облысы - 156 / 112

Шығыс Қазақстан облысы - 215 / 95

Жамбыл облысы - 61 / 40

Батыс Қазақстан облысы - 91 / 48

Қарағанды облысы - 150 / 62

Қостанай облысы - 60 / 35

Қызылорда облысы - 80 / 32

Маңғыстау облысы - 64 / 26

Павлодар облысы - 109 / 24

Солтүстік Қазақстан облысы - 85 / 9

Түркістан облысы - 19 / 12

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны - 80 226.



Новости партнеров