Қазақстанда коронавирустан 24 180 адам емделіп жатыр

30.03.2021 15:14

364 адамның жағдайы ауыр

Фото: gov.kz
30 наурыздағы мәлімет бойынша, 24 180 адам короновирус инфекциясынан (22 258 КВИ+ және 1 922 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 8 130 пациент стационарда, 16 050 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 364 адамның жағдайы ауыр;
• 76 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 46 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр