Қазақстанда енгізілген төтенше жағдай режимі 2020 жылдың 1 мамыры сағат 07.00-ге дейін ұзартылған болатын
Алматы мен астанада 20 сәуірден бастап жұмысын жандандыратын кәсіпорындар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтауы тиіс, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жұмысқа кірісетін қызмет түрлері
Нұр-Сұлтан қаласында:
өнеркәсіптік кәсіпорындар;
құрылыс және жол-құрылыс салаларының компаниялары, ірі құрылыс дүкендері;
көлік, қоймалау салаларындағы компаниялар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы сервистік компаниялар;
автосалондар, көлікке техникалық қызмет көрсету станциялары, авто жуу, дөңгелек ауыстыру сервисі, автобөлшектер дүкендері, химиялық тазалау, кеңсе техникасын жөндеу;
екінші деңгейлі банктер сағат 9:00-ден 16:00-ге дейін штат санының 50%-ын шектеумен, нотаруистер алдын ала жазылу бойынша жұмыс істейді;
қоғамдық тамақтану нысандарының жұмысы тек өзімен алып кету және жеткізу қызметімен сағат 22:00-ге дейін ұзартылады.
Алматы қаласында:
өнеркәсіптік кәсіпорындар;
құрылыс және жол-құрылыс салаларының компаниялары, құрылыс материалдарының ірі көтерме базарлары;
нотариустер алдын ала жазылу бойынша;
тек бизнеске қызмет көрсету үшін халыққа қызмет көрсету орталығының бір бөлімшесі (Наурызбай ауданы, Шұғыла шағын ауданы, 347/1).
Еске сала кетсек, Қазақстанда төтенше жағдай режимі 2020 жылдың 1 мамыры сағат 07.00-ге дейін ұзартылған болатын.