Өткен тәулікте індеттен 6 адам қайтыс болды

31.08.2020 15:35

Жазылып шыққандардың саны 5 575-ке жетті

Фото: Азаттық рухы

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 56 жағдайы және 6 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 26 адам емделіп шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ресми дереккөзге сілтеме жасап. 

1 тамыздан барлығы ауырғандар - 25 714 адам, 290 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 5 575-ке жетті.