Елордадағы «Барыс Арена» мұз айдыны коронавирусқа байланысты карантинге жабылды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
«Барыс» 17 қыркүйек күні Құрлықтық хоккей лигасында алдағы бірнеше ойынның кейінге шегерілгенін хабарлаған болатын. Оған себеп команда ойыншыларынан коронавирустың анықталуы болды.
ҚХЛ ақпараты бойынша, командада 12 адам вирус жұқтырып алған.
Клубтың баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, «Барыс Арена» алдағы сенбі, яғни 26 қыркүйекке дейін жабылған. Мұз айдынында барлық жаттығулар тоқтатылған. Клубтың қызметкерлері жұмыстарын жалғастырып жатыр. Бірақ олар қазір қашықтықтан жұмыс істеуде.
Нұр-Сұлтан қаласында «Барыс» алдағы ойынын 4 қазан күні өткізуі керек еді. Бірақ бұл ойын кейінге шегерілді.