Данэлия Төлешова америкалық America's Got Talent шоуында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Биылғы America's Got Talent байқауында 1-орынды Брендан Лик атты қатысушы жеңіп алды. Ол 1 млн доллар жүлденің иесі атанды.
Дауыс беру нәтижесі конкурстың Instagram желісіндегі ресми парақшасында жарияланды.
Данэлия Төлешова Америкада бір тәулікке созылған дауыс беру нәтижесі бойынша үздіктер қатарына енді.
Еске сала кетейік, Данэлия Төлешова шілде айының соңында америкалық America’s Got Talent жобасының үшінші турына өткен болатын. Әлемге танымал байқау пандемияға байланысты онлайн форматта ұйымдастырылды.
Кейін ол America's Got Talent таланттар шоуының финалына өтті. Кеше 14 жасар қазақстандық жас дарын байқаудың финалында өнер көрсетіп, Sia атты танымал әншінің «Alive» әнін шырқады.
Жалпы, байқаудың соңғы шешуші кезеңінде 10 әнші бақ сынаған, оның ішінде алтауы - әртүрлі жастағы вокалистер.