COVID-19 вирусының салдарынан барлығы 73 адам қайтыс болды
Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустан тағы 3 адам көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметіне сілтеме жасап.
Атап айтқанда:
Шымкент қаласында ‒ 1944 жылғы ер адам,
Батыс Қазақстан облысында - 1938 жылғы ер адам.
Павлодар облысында - 1942 жылғы әйел адам.
Коронавирусты жұқтырған науқастардың өлім жағдайын зерттеу жөніндегі комиссия аталған өлім себептерін коронавирус инфекциясынан болды деп тіркеуге шешім қабылдады.
Елімізде COVID-19 вирусының салдарынан барлығы 73 адам қайтыс болды.