Нидерландыда КВИ статистикасы тағы өсіп келеді

08.12.2020 15:16

Нидерландыдағы жағдайлардың орташа саны соңғы жеті күнде 5840-қа жетті

Фото: ашық дереккөзден

Дүйсенбіде 7 желтоқсанда Нидерландыда коронавирус инфекциясының 7134 жағдайы анықталды. Ағымдағы жылдың 6 қарашасынан бастап аталған елде бір күнде ауырғандардың саны алғаш рет 7 мыңнан асты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Нидерландыдағы жағдайлардың орташа саны соңғы жеті күнде 5840-қа жетті. Бұл бір апта бұрынғыға қарағанда 22%-ға көп. Нидерланды министрлер кабинетінің өкілдері 8 желтоқсанда рождестволық мерекелер кезінде қабылданатын пандемиямен күресу шараларын жариялайды. Алты күндік инфекция статистикасының өсуінен кейін олардың «локдаунды» әлсіретпейтіндігі сөзсіз. Нидерланды ауруханаларында емделетін пациенттердің саны төртінші күн қатарынан өсуде – 1660 науқас. Реанимацияда 470 пациент жатыр.