Астанаға ұшып келген 369 жолаушының 34-де ПТР тест анықтамасы болмаған
Қараша айының 3-нен 4-не қараған түні Нұр-Сұлтанға шет елдерден 3 ұшақ келіп қонды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Әуе рейстерін Air Astana, Belavia, Scat әуе компаниялары орындаған. Астанаға ұшып келген 369 жолаушының 34-де ПТР тест анықтамасы болмаған. Олар ПТР тестіден өткеннен кейін коронавирус анықталмаса - үйіне, анықталса - инфекциялық стационарға жатқызылады.
Айта кетсек Шығыс Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру мақсатында Ведомствоаралық комиссияның төрағасы Ералы Тоғжанов бірқатар шектеу шараларын енгізуді тапсырған еді. Атап айтқанда 2 қарашадан бастап Өскемен мен Нұр-Сұлтан аралығындағы рейстер саны аптасына 17-ден 7-ге дейін қысқарды. Ал Шығыс Қазақстаннан пойызбен және ұшақпен шыққан азаматтарда міндетті түрде коронавирус жұқтырмағанын растайтын ПТР анықтама болуы тиіс.
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы мемлекеттік органдармен бірге коронавирус инфекциясының алдын алу үшін нақты шаралар кешенін жүзеге асыруда:
Жолаушылар міндетті түрде термометриядан өтуі керек. Ол үшін тепловизорлық смарт-камералар қолданылады.
Жолаушылар терминалында тәулік бойы санитарлық-карантиндік бекет бригадалары кезекшілікте жүреді.
Ішкі және халықаралық рейстерде ұшу және қону аумағытарында жолаушыларға арналған санитайзерлер орнатылған.
Жолаушыларды тіркеу, сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының аумағында 1,5 мтерлік әлеуметтік қашықты қамтамасыз ету тәртібі еденде нақты сызбамен көрсетілген.
Әуежайдың ішкі аумағын арнайы дезинфекциялық құралдарды пайдалана отырып, санитарлық өңдеу жиілігі артты. Вирусқа қарсы белсенділікке ие антисептик қолданылады.
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына келетін әуе кемелерінің бәрі де дезинфекциялық өңдеуден өтеді. Сонымен қатар тұрақты түрде жолаушыларға қызмет көрсететін техникада дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.
Коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу бойынша әуежай қызметкерлерімен нұсқаулық жүргізіледі.