|
23.05.2020 | 10:38
1224

Шымкентте 34 адамнан коронавирус анықталды

Қала бойынша COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 573 адам тіркелді

Шымкентте 34 адамнан коронавирус анықталды

Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 34 адам тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарламасына сілтеме жасап.

«ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша 34 Шымкент қаласы тұрғынынан  COVID-19 диагнозы нақтыланды: 19-і вирусты жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болған, 2-і ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылған, 12-і скрининг нәтіжесінде анықталған, 1-і халықаралық жүк тасымалының жүргізушісі. Тиісінше барлығы инфекциялық стационарға жатқызылған», - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.     

Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін, науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда.

Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

22.05.20 жылы қала бойынша COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 573 адам анықталды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир