Өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны өсті

20.05.2022 15:39

Жалпы елімізде пандемия басталғалы 1 305 683 қазақстандық коронавирус жұқтырды

Қазақстанда өткен тәулікте 16 адамнан коронавирус инфекциясы ПТР арқылы анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Індетке шалдыққандар бес өңірде тіркелді:

Нұр-Сұлтан қаласында – 9,

Алматы қаласында – 3,

Ақтөбе облысында – 1,

Алматы облысында – 1,

Қарағанды облысында – 2.

Жалпы елімізде пандемия басталғалы 1 305 683 қазақстандық коронавирус жұқтырды.