Елдегі алғашқы екпе Ослодағы қарттар үйінің тұрғындарына салынған
Норвегияда коронавирусқа қарсы екпе алған екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі tass.ru сілтеме жасап. Бұл туралы сейсенбіде Норвегияның дәрі-дәрмек агенттігі хабарлады. Онда «5 қаңтарда біз екпе салынғаннан кейін бірнеше күннен соң өлім туралы екі хабарлама алдық», – делінген.
Норвегияда тұрғындарға коронавирусқа қарсы екпе (американдық Pfizer компаниясы мен оның неміс серіктесі BioNTech өндірген) 2020 жылдың 27 желтоқсанынан бастап салына басталған. Елдегі алғашқы екпе Ослодағы қарттар үйінің тұрғындарына салынған. Қазіргі уақытта билік өлімнің екпемен байланысы бар-жоғын анықтап жатыр.
«Біз өлімнің не себепті болғанына талдау жүргізудеміз, оның бірнеше күн бұрын салынған екпеге қатысы бар-жоғын анықтау керекпіз», – деді агенттік өкілі. Оның айтуынша, қазіргі таңда екпе денсаулығы нашар және созылмалы аурулары бар адамдарға салынып жатыр.