|
13.08.2020 | 10:20
1011

Коронавируспен ауырған 423 адамның жағдайы нашар – ДСМ

99 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр

Коронавируспен ауырған 423 адамның жағдайы нашар – ДСМ Фото: ашық дереккөзден

13 тамыздағы коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Қазір елімізде 23 281 адам коронавирус инфекциясынан ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 100 бала бар. Стационарларда 4 151 науқас жатыр. 19 130 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 423 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 106 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 99 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр»,– делінген хабарламада.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир