Қазақстанда коронавирустан 28 624 адам емделіп жатыр

07.04.2021 15:21

148 пациенттің жағдайы өте ауыр

Фото: ашық дереккөзден

28 624 адам короновирус инфекциясынан емделуде, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ДСМ сілтеме жасап. 

7 сәуірдегі мәлімет бойынша, 28 624 адам короновирус инфекциясынан (27 672 КВИ+ және 952 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 10 477 пациент стационарда, 18 147 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 

• 474 адамның жағдайы ауыр; 

• 148 пациенттің жағдайы өте ауыр; 

• 79 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.