ҚР Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирустан көз жұмғандар статистикасын жариялады
27 қазан күні Қазақстан аумағында 25 адам - коронавирустан, тағы 3 сырқат - пневмониядан қайтқан, деп хабарлайды Almaty.tv.
Коронавирустан ажал құшқандардың ішінде ең көбі Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында - 4 науқастан. Қостанай облысында - 3, Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары мен Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарында - 2, Шымкент қаласы мен Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау обылстарында - бір адамнан көз жұмған. Тек Түркістан, Қарағанды, Атырау және Ақтөбе облыстарында ғана коронавирустан өлім-жітім болған жоқ.