Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 5 634 981 адам салдырған
Қазақстанда вакцинаның екі компонентін толық алғандар саны 4,2 млн-нан асты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР-ның Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«2021 жылғы 6 тамызда Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 5 634 981 адам, 2-компонентін 4 231 104 адам салдырды», – делінген хабарламада.
Вакцина салудырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы қатарда – 756 мың адам 1 компоненті, 585 мың адам 2 компононетті салдырған. Ал одан кейінгі орында Түркістан облысы – 610 мың адам екпенің 1 компонентін егілсе, 443 адам 2 компонентті алған.