Мамыр айының соңғы аптасында эпидемиологиялық ахуал тұрақталды
Алматы қаласындағы эпидемиологиялық ахуал әлі қауырт күйінде қалып отыр. 26 мамырдағы Қазақстан Республикасының эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасында Алматы қаласы әлі де қызыл аймақта орналасқан. Бұл туралы Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин онлайн-брифингте айтты, деп хабарлайды Almaty.tv
Мамыр айының соңғы аптасында эпидемиологиялық ахуал тұрақталды, сәуірдегі 700 жағдайдан өткен тәулікте 290-300 жағдайға дейін төмендеді.
«Өткен тәулікте 290 жағдай тіркелді, тәуліктік өсім айдың басындағы 1,2%-дан 0,4%-ға дейін 3 есе төмендеді, ал сырқаттану деңгейі соңғы 7 күнде 7,7%-ға 160,0-ден 147,6-ға дейін төмендеді», – деді Жандарбек Бекшин