Пневмониядан 1 науқас қайтыс болды

21.12.2020 17:32

2020 жылғы 21 желтоқсанда тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат

Фото: ашық дереккөзден

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 29 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ресми дереккөзге сілтеме жасап.

Оған қоса 45 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 44414, 475 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 32228 жетті.