Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 607 жетті
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 4 жағдай тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК сілтеме жасап.
Нұр-Сұлтан қаласында - 1, Алматы қаласында - 2, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адамнан табылды. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 607 жетті. Сонымен қатар өткен тәулікте 5 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Жалпы барлығы 1 291 455 адам COVID-19-дан емделген.