Италияда коронавирустан бір тәулікте 743 адам көз жұмды
© REUTERS, Flavio Lo Scalzo
Елде қауіпті вирусты жұқтырғандар саны 69 мың адамнан асты
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Италияда коронавирус инфекциясынан бір тәулікте 743 адам көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасай отырып.
Айта кетерлігі, елде көз жұмғандар саны соңғы тәуліктерде біршама азайған болатын. Алайда соңғы 24 сағат ішінде 743 адамның қайтыс болғаны және тағы 3612 адамның вирус жұқтырғаны белгілі болды.
Ал коронавирустан емделіп шыққандар саны 8326 адамға жетті.
Індет басталғалы Италияда емделіп шыққандар мен көз жұмғандарды қосқанда, барлығы 69 176 адам ауру жұқтырған.
Қазіргі таңда әлем бойынша 387 мың адамның COVID-19 коронавирусын жұқтырғаны мәлім болып отыр. Олардың 100 мыңға жуығы емделіп шыққан. Инфекцияның асқынуы салдарынан бүгінге дейін әлемде 16 мың адам көз жұмды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
27.09.2026 13:00
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
27.09.2026 13:35
Алматыда Sadraddin-нің концертіне көрермендер қалай кіргізіледі
26.09.2026 17:11
Almaty Marathon-да экологиялық аймақ жұмыс істейді
26.09.2026 14:51