|
20.03.2020 | 10:26
2291

Қазақстанда коронавирус туралы сайт іске қосылды

Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты

Қазақстанда коронавирус туралы сайт іске қосылды znatoki.org

Қазақстанда коронавирус туралы жаңа сайт іске қосылды. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Құрметті достар! Қазір азаматтарды коронавирусқа қатысты жедел әрі сенімді мәліметтермен ақпараттандыру –  ең маңызды мәселе. Кей уақытта қоғамды ақпараттандыру мен қарым-қатынастың жеткілікті дәрежеде тиімді болмай жатқанын мойындау керек. Түрлі ақпарат құралдары, әсіресе мессенджерлер арқылы жалған ақпараттың таралуы көптеген қиындықтар туындатуда. Осы орайда coronavirus2020.kz сайтының іске қосылғанын хабарлаймын. Бұл ресурста төтенше жағдай бойынша, карантин кезіндегі тәртіп пен мемлекеттің коронавирусқа қарсы жасап жатқан шаралары жөнінде, сондай-ақ, желіде тараған жалған мәліметтерді теріске шығару және басқа да барлық өзекті ақпараттар жинақталады», –  деп жазды министр Facebook парақшасында. 

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир