Аймақтар аурумен күресте жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр. Екі апталық карантин режимі пайдасын көрсетіп, қазір оң өзгерістер байқалады. Әсіресе, ахуалы кері көрсеткіш берген облыстарда эпидемиялогиялық ахуал тұрақталған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Egemen.kz-ке сілтеме жасап.
Атырауда коронавирус жұқтырғандар саны 9 есеге азайған. Карантиндік орындар толық жабылды. Жедел жәрдем шақыртулары да 25%-ке кеміген. Тек дәрігер жетіспеушілігі әлі де байқалады. Атырауға әлі 300-дей маман керек. Мәселені оң шешу үшін, фекциямен күреске медуниверситеттің жоғары курс студенттері тартылған.
Маңғыстауда да оң өзгеріс бар. Ақтауда жүз орындық провизорлық стационар жұмысы тоқтатылды. Жедел жәрдемге жүгінушілер 45%-ға қысқарды. ПТР-тест жеткілікті. Дәрі-дәрмекке жергілікті бюджеттен 300 млн тг бөлінді. Өңірде денсаулық сақтау ұйымдарында кислородтық құрылғы орнатуға 7 нысан көзделген.
Қарағандыда да өршіп кеткен аурудың беті қайтты. Республикада өлім-жітім көрсеткішісіне сәйкес екінші орында тұрған. Соңғы екі аптада ахуал оңалған Бүгінде емдеу мекемелеріндегі төсек-орындардың жартысы бос тұр.
Шектеуден кейін Шымкентте де жағдай едәуір жақсарған. Ай басында ем алушылар саны 3 мыңға жуықтаған еді. Қазір кеміді.