Полиция қызмет атқарудың ерекше тәртібіне көшті
polisia.kz
Тіршілік әрекетін қамтамасыз етуі қажетті адамдар мен тіркеуі бар адамдарды ғана қалаға кіргізеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев брифингте қазіргі уақытта ішкі істер органдарының жеке құрамы қызмет атқарудың ерекше тәртібіне ауыстырылғанын жеткізді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Министр Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 19 наурыздан бастап көліктің кіруі мен шығуын және адамдардың қозғалысын шектеу үшін арнайы блокпосттар қойылғанын айтты. Тіршілік әрекетін қамтамасыз етуі қажетті адамдар мен тіркеуі бар адамдарды ғана қалаға кіргізеді.
«Енгізілетін шектеулер сіздің қауіпсіздігіңізді, жақындарыңыздың денсаулығы мен өмірін сақтау үшін қажет. Карантиндік іс – шараларды өткізу кезінде денсаулық сақтау және полиция органдары қызметкерлерінің талаптарына түсіністікпен қарауды сұраймын», – деп атап өтті Ерлан Тұрғымбаев.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
05.11.2026 08:10
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
04.11.2026 08:11
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
04.11.2026 18:53
Терезедегі қауіпсіздік: ата-аналар назар аударуы тиіс бес жайт
04.11.2026 10:58