Коронавируспен ауырып жатқан 638 науқастың жағдайы ауыр

29.05.2021 18:05

108 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр

gazetauzao.ru

ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 29 мамырдағы ақпарат жария етілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Baq.kz-ге сілтеме жасап.

29 мамырдағы мәлімет бойынша 29 171 адам коронавирус инфекциясынан (28 595 КВИ+ және 576 КВИ-) емделуде, олардың ішінде:

- 10 891 пациент стационарда,

- 18 279 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 638 адамның жағдайы ауыр,

- 162 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 108 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.