Өткен тәулікте пневмониядан тағы 2 адам көз жұмды

30.10.2020 16:00

2020 жылғы 30 қазанда тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат

Фото: ашық дереккөзден

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 195 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 28 адам емделіп шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ресми дереккөзге сілтеме жасап.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 37574, 399 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 28687 жетті.