Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 10 адам тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабына сілтеме жасап.
Вирусты жұқтырған 6 адам Талдықорған қаласында, Кеген және Талғар аудандарында әрқайсысында 2 адамнан тіркелді.
«Барлық 10 адам белсенді түрде анықталды, 8-і бұған дейін коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, 2-уі медициналық мекемеге жүгінген кезде анықталды. ПТР-талдау нәтижелері бойынша бұл азаматтарға COVID-19 диагнозы қойылды. Ауырған адамдар алдын ала оқшауланған, қазіргі уақытта жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды», - делінген хабарламада.
Олармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып оқшауланады және коронавирусқа зертханалық тексерістен өтеді. Эпидемиологиялық тергеу жұмыстары қолға алынған.
Қазіргі таңда Алматы облысында инфекцияны жұқтырған 201 адам анықталған.