COVID-19: Қазақстанның 8 өңірі «қызыл» аймақта

20.05.2021 в 15:29

«Сары» аймақта: Алматы, Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облыстары

Фото: ашық дереккөзден

Солтүстік Қазақстан облысы коронавирустың таралуы бойынша«сары»аймақтан«жасыл»аймаққа өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

2021 жылғы 20 мамырдағы жағдай бойынша «қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары.

«Сары» аймақта: Алматы, Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облыстары.

«Жасыл» аймақта: Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары.