Тоқаев ұшақта қазақстандық сәбиді құтқарып қалған түрік дәрігеріне алғыс айтты

20.05.2021 в 15:57

Реджеп Шекер – Түркия президентінің жеке дәрігері

Фото: sputnik.kz

Қазақстанның Түркиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі Абзал Сапарбекұлы ұшақта қазақстандық сәбиді құтқарып қалған түрік депутаты, дәрігер Режеп Шекерге Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатын табыстады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Еске салсақ, 22 наурызда Бішкектен Ыстамбұлға ұшқан ұшақта қазақстандық сәбидің жүрегі тоқтап қалып, түрік дәрігері балаға жасанды тыныс беріп, массаж жасап, аман алып қалған еді.

Реджеп Шекер –  Караман қаласынан Түркия Ұлттық жиналысының депутаты, Түркия президентінің жеке дәрігері.