Өткен тәулікте пневмониядан екі адам қайтыс болды

03.12.2020 15:29

2020 жылғы 3 желтоқсанда тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат

Фото: ашық дереккөзден

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 8 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ресми дереккөзге сілтеме жасап.

Оған қоса 47 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 42455, 446 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 30728 жетті.