Нұр-Сұлтанда алдағы жексенбі қоғамдық көлік жүрмейді

03.12.2020 16:27

Автобустар мен автопарктерде дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі

Фото: ашық дереккөзден

Жексенбі, 6 желтоқсанда елордада қоғамдық көліктер жүрмейді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

City Transportation Systems (CTS) компаниясының ақпаратына орай, 6 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, қоғамдық көлік жұмысы бір күнге тоқтатылады. Автобустар мен автопарктерде дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі. 

«Дүйсенбі, 7 желтоқсаннан бастап автобустар қалыпты кестесіне сәйкес қайтадан қатынайды. Барлық өзгерістер туралы ресми парақшамыздан біле аласыз. Баршаңызды санитарлық нормаларды сақтауға шақырамыз. Автобустарға бетпердесіз кіруге болмайды. Жол ақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді»,– деп атап өтеді компаниядан.