|
29.06.2022 | 10:31
2602

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 1 306 471 жетті

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті Фото: ашық дереккөзден

Өткен тәулікте Қазақстанда 110 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында - 29, Алматы қаласында - 56, Шымкент қаласында – 7, Ақмола облысында – 2, Ақтөбе облысында 0, Алматы облысында - 1, Атырау облысында - 2, Шығыс Қазақстан облысында - 0, Жамбыл облысында - 4, Батыс Қазақстан облысында -0, Қарағанды облысында - 6, Қостанай облысында -0, Қызылорда облысында -0, Маңғыстау облысында - 0, Павлодар облысында - 1, Солтүстік Қазақстан облысында - 2, Түркістан облысында - 0. 

Айта кетейік, коронавирус жұқтырғандар саны кеше, 28 маусымда 61 адамды құраған болатын. Сондай-ақ өткен тәулікте коронавирустан жазылып шыққандар саны 48 адамды құрап отыр. 

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 1 306 471 жетті.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир