Коронавирус: Дональд Трамп ауруханадан шықты

06.10.2020 15:33

Президенттің жанындағы қанша адамның коронавирус жұқтырғаны әзірге белгісіз

dw.com

Осыдан төрт күн бұрын коронавирус жұқтырған АҚШ президенті Дональд Трамп ауруханадан шығып, ем алуды Ақ үйде жалғастырады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Трампты емдеп жатқан оның дәрігерлері ел президентінің жағдайы жақсы екенін Twitter-де жазған болатын. Дәрігерлердің айтуынша, 72 сағат ішінде Трамптың дене қызуы қатты көтерілмеген. 

Президенттің жанындағы қанша адамның коронавирус жұқтырғаны әзірге белгісіз. 

«Ковидтен қорқудың қажеті жоқ. Коронавирустың өміріңізде үстемдік етуіне жол бермеңіз. Біз керемет дәрі-дәрмектер ойлап таптық. Менің жағдайым 20 жыл бұрынғыдан да жақсы!» – деп жазды Трамп Twitter-де.