Бұл туралы италиялық вирусолог мәлімдеді
Күзде коронавирустың екінші толқыны болмауы да мүмкін. Себебі соңғы зерттеулер коронавирустың әлсіреп жатқанын көрсеткен. Бұл туралы италиялық вирусолог Массимо Клементидің мәлімдемесінде айтылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Италиядағы Vita-Salute San Raffaele университетінің проректоры жергілікті дәрігерлердің мамырда ауруханаға түскен науқастарда коронавирустың асқынуын аса байқамағанын айтады.
Клементидің айтуынша, коронавирус осылай әлсіреп жатыр. Сондай-ақ, дәрігер таяуда Лондондағы ғалымдар тобы жүргізген зерттеу туралы айтты. Ғалымдар осыған дейін Қытайда, Еуропада, АҚШ-та тараған вирустарды зерттеп, сараптама жүргізген.
Осылайша, Италиядағы және Лондондағы ғалымдардың сөзіне қарағанда, вирустың бұл түрі таяуда әлсірейді. Яғни адамдарда респираторлық аурулардың белгілері ғана болуы мүмкін.
Сондай-ақ, дәрігерлер күзде пандемияның екінші толқыны болмайды деп сенім білдіріп отыр.