COVID-19. 57 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған

23.08.2020 в 17:07

6 229 адам амбулаториялық жағдайда емделуде

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 11 944 адам ем қабылдауды жалғастыруда, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Олардың арасында 53 өскіншек бала бар. Стационарларда 5 715 науқас жатыр. 6 229 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. 

«Жалпы науқастардың арасында 333 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 75 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 57 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», - делінген хабарламада.