Қазақстанда өткен тәулікте пневмониядан 1 адам қайтыс болды

13.09.2020 15:37

Жазылып шыққандардың саны 6 823 адамға жетті

фото из открытых источников

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 346 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 36 адам емделіп шықты, деп хабарлайды Almaty.tv ресми дереккөзге сілтеме жасап. 

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 29 581, 321 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 6 823 жетті.