COVID-19 вирусының жаңа белгілері туралы айтылды

18.05.2020 15:40

Бұл иісті және дәмді қабылдаумен байланысты емес дейді ғалымдар

dw.com

Коронавирус иіс сезу қабілетінің жоғалуын ғана емес, әрі ауыз қуысында сезімталдықтың өзгеруін тудырады, деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости  порталына сілтеме жасап.

Бұл COVID-19 вирусын халықаралық зерттеу барысында белгілі болған.

50 елдің ғалымдары COVID-19 пандемиясымен күресу үшін химосенсорлық ғылымдар бойынша дүниежүзілік консорциум құрды. Олар жаңа коронавирус инфекцияcының барлық химосенсорлық жүйесінің жұмысына әсерін – иіс сезу, дәм сезу және ауыз қуысындағы тригеминальды сезімталдық зерттейтін болады. Бұл иісті және дәмді қабылдаумен байланысты емес дейді ғалымдар.

Коронавирус диагнозы расталған 30 мыңнан астам науқастарды зерттеу барысында олардан иіс сезу қабілетінің жоғалуын, дәмді сезудің күрт төмендеуін, сонымен қатар мұрын бітелмеген кезде ауыз қуысында сезімталдықтың өзгеруі анықталған.

Бұл COVID-19 мен SARS пен тұмаудың арасындағы айтарлықтай айырмашылық болып саналады. Адам мұндай ауруға шалдыққан кезде де иіс сезу қабілетінің ішінара жоғалуы байқалады.

Ғылыми зерттеу жұмысын жүргізген авторлардың айтуынша, COVID-19 жұқтарған науқастарда иіс сезу қабілеті орта есеппен 80 пайызға, дәм сезу – 70 пайызға, тригеминальді сезімталдық 40 пайызға төмендеген.