Елімізде 7 мыңға жуық науқас коронавирустан емделіп жатыр

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Жалпы науқастардың арасында 195 адамның ахуалы нашар
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 6 973 адам ем қабылдап жатыр. Оның арасында 29 өскіншек бала бар. Стационарларда 3 527 науқас жатыр. 3 446 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. 

Жалпы науқастардың арасында 195 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 30 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағаланған. 40 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік көрсеткіш туралы ақпаратты күн сайын үнемі үзбей жариялап отырады. Барлық мәлімет ресми сайтта және ведомствоның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. 

Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны жөнінде, қайтыс болу деректері туралы және де қоғам үшін маңызды ахуалдың барлығы ресми ақпарат көздерінде жедел жарияланады. Ал, аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты апта сайын Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі арнайы пресс-брифингте хабарлап тұрады.

Новости партнеров