Түркістан облысында 74 жастағы тұрғын коронавирустан жазылды

18.04.2020 16:01

Өңірде COVID-19 вирусынан емделіп шыққандар саны 7 адамға жетті

Фото: Kursiv.kz

Түркістан облысында коронавирус инфекциясынан емделген 74 жастағы науқас ауруханадан үйіне шығарылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады, деп жазады Almaty.tv.

«Сайрам ауданындағы Қарабұлақ елдімекені Көлкент ауылдық округіне қарасты Мәдени ауылының 1946 жылғы туған тұрғыны 1 сәуір мен 17 сәуір аралығында стационарлық ем қабылдады. Бүгінгі таңда ол дертінен толық айықты. Зейнеткердің «өкпенің созылмалы обструктивті ауруы», «бронх демікпесі» секілді қосалқы диагноздары болған», - делінген хабарламада.

Еске салсақ, Түркістан облысында COVID-19 вирусынан емделіп шыққандар саны 7 адамға жетті.  

Ал өңірде қауіпті вирус жұқтырғандар саны – 57.