Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 5 млн-ға жақындады
Фото: ашық дереккөзден
Қауіпті індеттен көз жұмғандар саны 311 731 адамға жетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Әлем бойынша коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандардың саны 4 млн 634 мыңнан асып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv Baq.kz порталына сілтеме жасап.
Сондай-ақ, 311 731 науқас осы індеттен көз жұмған. Жазылып шыққандар саны 1 млн 800 мыңнан асады.
Науқастардың саны бойынша алғашқы ондықта АҚШ, Испания, Ресей, Ұлыбритания, Бразиялия, Италия, Франция, Германия, Түркия мен Иран тұр. Десе де соңғы кездері әлемде тіркелген жаңа науқастардың саны азаюда.
Елімізде өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 307 адам тіркелді, біздегі өсім қарқыны – 5,2%. Осылайша Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 6157 адамға жетті. Жазылғандар - 2980, осы індеттен мерт болғандары саны 34.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
31.10.2026 14:34
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
31.10.2026 09:50
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суық тигенде қандай қателіктерге жол бермеу керек
31.10.2026 10:36
Баланың гаджетке тәуелді болып бара жатқанын қалай байқауға болады
31.10.2026 17:35