Бір тәулікте пневмонияның 226 жағдайы тіркеліп, 2 адам қайтыс болды

15.11.2020 15:41

2020 жылғы 15 қарашада тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат

Фото: ашық дереккөзден

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 226 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ресми дереккөзге сілтеме жасап.

Оған қоса 71 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 40149, 418 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 29556 жетті.