|
02.03.2021 | 10:41
1895

Әлемдегі коронавирус: Чехияда шектеу шаралары 3 аптаға созылмақ

Алғашқы бестікте АҚШ, Үндістан, Бразилия, Ресей мен Ұлыбритания тұр

Әлемдегі коронавирус: Чехияда шектеу шаралары 3 аптаға созылмақ covidstat.ru

Чехия тұрғындарына себепсіз үйден шығуға тағыда тыйым салынды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл жолғы шектеу үш аптаға созылмақ. Яғни, азаматтарға республика аумағында жүруге болмайды. Тек жұмыс пен науқас туыстарға көмектесу үшін шығуға болады. Ал көліктерді әскерилер мен полицейлер тексереді. Финляндияда тағы төтенше жағдай жарияланды. Егер елде жағдай қазіргіден жақсармаса коменданттық сағат енгізу жоспарда бар дейді билік өкілдері. Тіпті мейрамханалардың жұмысын тоқтату көзделген. Үкімет басшылары мұндай шешімді инфекцияның таралуын тоқтату үшін қабылдағанын айтып оған  халықтың түсіністікпен қарауын сұрады. 

Жалпы статистиканы айтсақ осы күні әлем жұртының 115 миллионға жуығы аталған дертті жұқтырған. Алғашқы бестікте АҚШ, Үндістан, Бразилия, Ресей мен Ұлыбритания тұр. 2 жарым миллионнан астам адам көз жұмған.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир