Алматы облысында блок-бекеттер алынды
открытые источники
Карантин режимі мен мерзімі аймақтағы COVID-19 жағдайына байланысты болады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Бүгіннен бастап Алматы облысында аудандар мен қалалар арасындағы блок-бекеттер алына бастайды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Дегенмен мемлекеттік шекарада, басқа облыстармен шекарада, Алматы және Талдықорған қаласының айналасында шектеу сақталады. Ал жұқпалы індет тіркелген елді мекендер қоршауға алынады.
Мұндай ақпарат Алматы облысының бас санитар дәрігері Қайрат Баймұхамбетовтің аймақ ішіндегі блок-бекеттерді алып тастау туралы қаулысында көрсетілген. Сондай-ақ, қаулыда карантинді біртіндеп жеңілдету жалғаса беретіні ескертілген. Оның тәртібі мен мерзімі аймақтағы ахуалға байланысты болады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
15.11.2026 11:50
Күн сайын қанша жұмыртқа жеген дұрыс
14.11.2026 12:38
Дәрігерлер ашқарынға жеуге болмайтын тағамдарды атады
14.11.2026 11:36
Алматыда көппәтерлі тұрғын үйлерді жаңарту жұмыстары жалғасуда
15.11.2026 10:46