Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустан 8 адам қайтыс болды

07.02.2021 15:42

42 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр

Фото: dw.com

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустан 8 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

7 ақпандағы мәлімет бойынша, 27 107 адам короновирус инфекциясынан (16 616 КВИ+ және 10 491 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 5 771 науқас стационарда, 21 336 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:

• 269 адамның жағдайы ауыр;

• 48 пациенттің жағдайы өте ауыр;

• 42 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.