Коронавирустың беті қайта бастады - сарапшылар

www.scoopnest.com/
www.scoopnest.com/
Дәрігерлер енді бұл індет қайта бұрқ етіп бас көтермейді, өстіп-өстіп ақырын жойыла береді деп топшылайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қытайда COVID-2019 коронавирусын жұқтырушылар күнделікті тіркеліп жатыр, алайда сарапшылар оның беті қайтуына аз қалғанына сенімді, деп хабарлайды zakon.kz.

Лейшаншан мамандандырылған ауруханасының бас дәрігері Ван Синхуань індет өзінің шарықтау шегіне жеткеніне сенімді. Бұл туралы ол Қытайдың Орталық телеарнасына берген сұқбатында айтты.

Қазірдің өзінде бетбұрыс болып жатыр. Вирус жұқтырғандардың статистикасына келетін болсақ, көптеген тіркелген жағдайлар бұрын анықталғандар санатына жатады, - деп түсіндірді Синхуань.

Бас дәрігер  осымен бесінші күн ыстығы бар науқастардың саны күрт төмендегенін айтады.

Ол енді індет қайта бұрқ етіп бас көтермейді, өстіп-өстіп ақырын жойыла береді деп топшылайды.

17 ақпанда Хубей провинциясының билігі бір күнде 100 адам көз жұмды, мыңнан астамы емделгенін хабарлады.


Новости партнеров