СҚО-да алты бірдей елдімекен карантинге жабылды

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
14 желтоқсаннан бастап карантин біршама жеңілдетілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз


Солтүстік Қазақстан облысында 6 елдімекен карантинге жабылды. Шектеу шаралары коронавирустың таралуы мен өршуіне жол бермеу, сондай-ақ, жағдайды бақылау деңгейінде ұстап тұру үшін қабылданған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұлар Есіл ауданына қарасты Явленка, Ясновка, Николаевка, Петровка ауылы және Мағжан Жұмабаев ауданындағы Булаев қаласы мен Таманское ауылы.

«Облыс «сары аймақта» орналасқан, 14 желтоқсаннан бастап карантин біршама жеңілдетілді. Бірақ бәрі эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Әлеуметтік желілерде 25 желтоқсаннан бастап Петропавл қаласын жабады деген қауесет тарап жатыр, қазіргі уақытта біз мұны жоспарламаймыз. Бірақ эпидемиологиялық жағдай нашарлаған жағдайда локдаун тек демалыс күндері енгізіледі», – деді облыстық мемлекеттік санитарлық дәрігерінің міндетін атқарушы Арман Күшбасов.


Новости партнеров