Түркияда 107 жастағы қария коронавирустан жазылды

Фото: aa.com.tr
Фото: aa.com.tr
Кейуана СOVID-19 вирусынан бір аптаның ішінде емделіп шықты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркияның 107 жастағы тұрғыны Хавахан Карадениз СOVID-19 коронавирусынан айыққан әлемдегі ең қарт әйелдердің бірі болды. Бұл туралы ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

Карадениз мықты иммундық жүйесінің арқасында СOVID-19-дан бір аптаның ішінде емделіп шықты.

«Қарт әйелді Ыстанбұл ғылыми-зерттеу клиникасына 7 сәуірде орналастырған. Ол қатты жөтеліп, дене қызуы көтерілген. 107 жастағы әйелге коронавирусқа жасалған тест оң нәтиже көрсетті. Ол бір аптадан кейін ауруханадан емделіп шықты. Қазір ол үйінде, 14 күндік карантинде жатыр», - делінген хабарламада.

Аурухана қызметкерлері оның қауіпті індетті тез жеңіп шыққанына таңғалды. Дәрігерлердің пікірінше, әйелдің иммундық жүйесі мықты.

Карадениз Малатье провинциясында Потюрге ауданында туған. Ол 8 жасында отбасымен бірге Ыстанбұлға көшіп келген. Оның жұбайы 1982 жылы қайтыс болған. Карадениздің төрт баласы, 11 немересі және 15 шөбересі бар.

Кейуана өз жасына қарамастан күн сайын таңертең ерте тұрып, намаз оқиды. Ол тамақтануға аса мән беріп, таңғы асқа сары май, қаймақ, бал, сүт пайдаланады. Әжейдің холестерин және қант деңгейі қалыпты нормада, ол тәттілер мен жемістерді жақсы көреді. Әйелге ешқашан ота жасалмаған, оның есте сақтау қабілеті жақсы.

Новости партнеров