31 қаңтардағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
«29 қаңтарда коронавирус инфекциясы белгілері бар пневмонияның 71 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 138 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 47858, 569 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 35 743 жетті», – делінген хабарламада.
Сонымен қатар Қазақстанда коронавируспен ауырған 265 адамның жағдайы ауыр.
«31 қаңтардағы мәлімет бойынша, 27 794 адам короновирус инфекциясынан (16 248 КВИ+ және 11 546 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 393 пациент стационарда, 21 401 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жүр. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 254 адамның жағдайы ауыр;
• 54 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 38 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр», – делінген хабарламада.